"Арландар" ширек финалдағы жекпе-жегін Алматыда өткізеді

"Арландар" ширек финалдағы жекпе-жегін Алматыда өткізеді
Фото: vk.com

Бүкіләлемдік әлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін елордалық "Астана арландары" ширек финалдық жекпе-жегін Алматы қаласында өткізеді.

Ширек финалда өнер көрсететін командалар екі кездесу өткізеді. Оның бірі - өз алаңында, екіншісі - түзде болады. "Астана арландарының" ширек финалдағы бірінші кездесуі 20 мамыр күні 12 мың жанкүйер сыятын "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді.

Елордалық клубтың ширек финалдағы қарсыласы әлі анықталған жоқ. Қазірдің өзінде Нұрлан Ақүрпеков баптайтын команда ширек финалдың жолдамасын еншілеп қойды. Бірақ өз табында нақты қай орын алатыны белгісіз. Егер 21 сәуір күні біздің команда түзде "Қытай айдаһарларынан" үстем түсетін болса, онда топтан бірінші орынмен шығады. 

Ө. Сансызбай