Бүгін футболдан ел премьер-лигасының VI тур ойындары өтеді

Бүгін футболдан ел премьер-лигасының VI тур ойындары өтеді
Фото: kff.kz

Бүгін футболдан ел премьер-лигасының VI тур ойындары өтеді. Назарларыңызға ойындарға қысқа шолуымызды ұсынамыз.

Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы Шымкентте "Ордабасымен" кездеседі. Қос команда арасын бір ұпай ғана бөліп тұр. "Ордабасы" соңғы екі ойында жеңіліс тапса, "Қайсар" маусымда әлі ұтылған жоқ. Ойын Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Өткен маусымда ел чемпионы атанған "Астана" "Ақтөбемен" ойнайды. "Астана Аренаның" жөндеу жұмыстарына байланысты елордалық команда өз ойынын "Тарлан Аренада" өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Кеше ғана бас жаттықтырушысыз қалған "Атырау" өз алаңында Қарағандының "Шахтер" командасымен кездеседі. Батысқазақстандық клубтың жаттықтырушысы Зоран Вулич отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кетті. "Атырау" – "Шахтер" кездесуі Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Алматының "Қайрат" футбол клубы Қостанайда "Тобылмен" ойнайды. Бұл кездесу Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады.

Оралдың "Ақжайық" футбол клубы өз алаңында Көкшетаудың "Оқжетпесімен" 3 ұпайға таласады. Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-ге жоспарланған.

Павлодарда "Ертіс" пен "Тараз" ойнайды. Ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Өткен турда екі команда да жеңіске жеткен болатын.

Ө. Сансызбай