"Барселона" бірінші ойында "Ювентустан" ұтылды (видео)

"Барселона" бірінші ойында "Ювентустан" ұтылды (видео)
Фото: sport.unian.net

"Барселона" футбол клубы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы бірінші ойында "Ювентустан" ұтылды. Ойында туриндік клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Каталондық клуб сырт алаңда өткен ойында қауқар таныта алмады. Бірінші таймда Пауло Дибала дубль авторы атанса, 55 минутта Джорджио Кьеллини "Барселона" қақпасына үшінші голды соқты.

Қос команда арасындағы қарымта ойын 19 сәуірден 20-на қараған түні "Камп Ноуда" өтеді.

Айта кетейік, түнде дортмундтық "Боруссия" мен Францияның "Монако" командалары да бірінші ойындарын өткізуі тиіс еді. Алайда Дортмундта болған жарылыстан кейін бұл ойын бүгінге шегерілді. Кездесу Астана уақытымен сағат 22:45-те басталады.  

Ө. Сансызбай