Василий Ломаченко WBO чемпиондық атағын қорғап қалды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Василий Ломаченко WBO чемпиондық атағын қорғап қалды (видео)
Фото ©️ YouTube

Екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Василий Ломаченко өз атағын қорғап қалды. Украиналық боксшы америкалық Джейсон Сосаны 9 раунд қорытындысы бойынша айқын ұтып шықты.

БӨЛІСУ

12 раундқа жоспарланған бокс кешінің басты жекпе-жегі 9 раундта тоқтатылды. Америкалық боксшының командасы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде Василий Ломаченко өз атағын сәтті қорғап шықты.

28 жастағы украиналық боксшы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін өткізді. Осыған дейінгі бір кездесуінде ғана қарсыласына есе жіберген.

Айта кетейік, Василий Ломаченко – Олимпиада ойындарының екі дүркін (2008, 2012) жеңімпазы.