Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады
Фото: vesti.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады. Отандастарымыз Алматыда өтіп жатқан іріктеу ойындарында Македония құрамасын ұтты.

Бразилиялық маман Жозе Алесио жаттықтыратын Қазақстан құрамасы қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол соқты. 12 минутта Лео гол соқса, бірінші кезең аяқталар тұста нәтижелі пас берді. Оның пасын Серік Жаманқұлов голға айналдыра білді. 33 минутта Альберт Акбаликов Македония құрамасының қақпасына үшінші рет допты тоғытты.

Ертең Қазақстан құрамасы Даниямен ойнайды. Олар бүгін өткізген бірінші ойында чехтарға 4:5 есебімен ұтылған болатын.

Ө. Сансызбай