Илья Ильин компьютер ойынының басты қаһарманы

Илья Ильин компьютер ойынының басты қаһарманы

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы чемпионы Илья Ильин батырлар жөнінде қазақстандық компьютер ойынына енді. Бұл туралы «Экспресс К» газетінде жарық көрген «Ну и гаджеты!» мақаласында (автор Максим Пичугин ) жазды.

Бұл ойынды Сүлеймен Демирел атындағы Қазақ-Түрік университеттің студенттері Ақберді Елжанов, Жембай Сұлтан, Мақсат Төлегенов және Ержан Торғаев ойлап тапқан екен. Олардың AlaQay тобы Startup Weekend Karaganda атты бағдарламашылардың байқауына қатысып, «қаһарман» ретінде Ильинді қатарға қосқан патриоттық ойынды ұсынды.

Айта кетейік, ол Android нұсқасында компьютерлер мен I Pad және гаджеттер үшін бейімделген.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: olympic.yvi.kz

У. ҚОСАНБАЙ