Футболдан ел кубогының жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Футболдан ел кубогының жеребесі тартылды
Фото ©️ fca.kz

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалының жеребесі тартылды. Ойындар 19 сәуір күні өтеді.

БӨЛІСУ

Ширек финалға шығатын командалар тек бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады. Өткен маусымда ел кубогын жеңіп алған "Астана" Талдықорғанда "Жетісумен" ойнайды.

Жеребе қорытындысы: 

"Жетісу" - "Астана"
"Қайрат" - "Тараз"
"Тобыл" - "Шахтер"
"Ертіс" - "Қайсар"
"Ақжайык" - "Актөбе"
"Қызыл-Жар СК" - "Ордабасы"
"Махтаарал" - "Окжетпес"
"Қыран" - "Атырау"