"Бұл жеңістерімнің бастамасы ғана" – Батыр Жүкембаев

О Сансызбай Корреспондент
"Бұл жеңістерімнің бастамасы ғана" – Батыр Жүкембаев

Бүгін таңда қазақ кәсіпқой боксшысы Батыр 777 Жүкембаев Канаданың Монреаль қаласында мексикалық боксшы Косме Ревераны жетінші раундта нокаутпен ұтып, "IBO International" чемпиондық атағын жеңіп алды. Жекпе-жек соңынан отандасымыз өз ойын білдірді.

БӨЛІСУ

- Жекпе-жекте өзімді жақсы сезіндім. Міне, менің арманым жүзеге асып. Бірақ, бұл менің жеңістерімнің бастамасы ғана. Командама, промоутерім Камиль Эстефан мен менеджерім Анна Реваға алғысымды білдіремін, - деді боксшы.

26 жастағы отандасымыз спорттық мансабындағы алғашқы чемпиондық атағына қол жеткізді. Сондай-ақ кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісін тойлады. Оның 8-де уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Батыр жекпе-жектерінің барлығын Канадада өткізіп келеді.

Айта кетейік, осыған дейін дәл осы бокс кешінің бірінші жекпе-жегінде отандасымыз Абылайхан Хұсайынов мексикалық боксшы Кристиан Арразоланы екінші раундта нокаутпен ұтқан болатын.