Галбадрах Отгонцэцэг Антальяда өтетін «Grand Slam» турниріне қатысады

Галбадрах Отгонцэцэг Антальяда өтетін «Grand Slam» турниріне қатысады
Фото: Informburo.kz

Ертең Түркияның Анталья қаласында дзюдодан «Үлкен дулыға» санатындағы халықаралық Гран-При турнирі басталады. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы сапында 22 спортшы қатысады.

Антальядағы аламанда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те бақ сынайды. Сондай-ақ төртжылдықтың басты додасына қатысқан Максим Раков, Дидар Хамза мен Мариан Ордабаева да бар. Жарыс 9 сәуірге дейін жалғасады.

Айта кетейік, жақында ғана Тбилисиде өткен жарыста Азиз Қалқаманұлы мен Жансай Смағұлов қола жүлдегер атанған болатын. Олар Антальядағы Гран-При турниріне қатыспайды. Ал Бакуде өткен додада 90 келіге дейінгі салмақта Ислам Бозбаев жеңімпаз атанған еді.

Ерлер

60 келі

Қырғызбаев Ғұсман
Ибраев Рустам

66 келі

Мұқанов Азамат
Имашев Айбек

73 келі

Сүйінбай Нұрлыхан
Абдрахманов Ғалымжан

81 келі

Хамза Дидар
Абдуалиев Бекжан

90 келі

Бозбаев Ислам
Жаңабай Мейрамбек

100 келі

Раков Максим

+ 100 келі

Жарылғапов Нұрдәулет
Тұрғыналиев Жамбыл

Қыздар

48 келі

Галбадрах Отгонцэцэг

52 келі

Түйтекова Айкүнім

57 келі

Нышанбаева Севера

63 келі

Урдабаева Мариан

70 келі

Өміралиева Ділбар
Щербакова Аэлита

78 келі

Райфова Зарина
Амангельдиева Альбина

+ 78 келі

Исанова Гүлжан

Ө. Сансызбай