УЕФА Қазақстан футбол федерациясына бір миллион еуро береді

УЕФА Қазақстан футбол федерациясына бір миллион еуро береді
Фото: CNN Türk

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрамындағы барлық федерацияларға бір миллион еуродан бермек. Олардың қатарында Қазақстан футбол федерациясы да бар.

УЕФА президенті Александер Чеферин кеше өткен конгресс отырысында осындай қаржыландыру болатынын, оның болашақта да жалғасын табатынын айтты. Мұндай қаржылық қолдау УЕФА-ның өткен жылдың қорытындысы бойынша 4,58 миллиард еуро пайда табуына байланысты іске асып отыр.

- Біз қосымша түрде әр ассоциацияға бір миллион еуро беру туралы шешім қабылдадық. Мұндай шешімді біз қаржылай қорытындының табысты болуынан және УЕФА турнирі сәтті өткеніне байланысты қабылдадық, - деді Чеферин.

- Біз футбол құндылықтарын қорғайтын боламыз. Моралистермен күресеміз. Футбол адамдарды жақындастыруы керек, - деді УЕФА президенті.

Айта кетейік, бүгінде УЕФА құрамына 55 мемлекеттің футбол федерациялары кіреді.

Ө. Сансызбай