Қанат Ислам IBF рейтингінде екі сатыға жоғарылады

Қанат Ислам IBF рейтингінде екі сатыға жоғарылады
Фото: massaget.kz

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) өзінің ресми сайтында жаңартылған рейтингін ұсынды. Жаңа жасалған тізім бойынша бірінші орта салмақтағы "WBO Intercontinental" және "WBA Fedelatin" тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам екі саты жоғарылады, - деп жазады Vesti.kz порталының қазақ бөлімі. 

Қазақстандық былғары қолғап шебері қаңтар айында жасалған тізім бойынша 15 сатыда еді. Ал сәуір айының басында жасалған тізім бойынша, отандасымыз 2 саты жоғарылап, 13 сатыға жайғасыпты. 

Ал жартылай орта салмақта сынға түсіп жүрген Жанқош Тұраров 12-орнын сақтап тұр. 

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы рет 18 ақпан күні АҚШ-тың Делавэр штатының Уилмингтон қаласында өткізіп, бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Қанат Ислам келесі кездесуін мамыр айына жоспарлап отыр. Кезекті кездесуіне дайындық жұмыстарын бастау үшін "QAZAQ" осы аптаның ішінде АҚШ-қа жол тартады. 

Ө. Сансызбай