Үш қазақ боксшысы Тайландтағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Үш қазақ боксшысы Тайландтағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты
Фото ©️ dodasport.kz

Бокстан Тайланд елінің астанасы Бангкокта өтіп жатқан «Thailand Invitation International Boxing Tournament 2017» халықаралық турнирінің жартылай финалына үш қазақ боксшысы шықты. Үш боксшымыз жарысты ширек финалда аяқтады. 

БӨЛІСУ

Халықаралық турнирге еліміздің атынан жеті боксшы аттанған еді. Бірінші кезеңде 49 келіге дейінгі салмақта Шалқар Айқынбай тайландтық боксшы Саехан Самакқа есе жіберді. Ал алты боксшымыз ширек финалға шыққан болатын. 

Бүгін ширек финалдағы кездесулер өтіп, үш боксшымыз жартылай финалға өтті. Үш боксшымыз жарысты аяқтады

52 келіге дейінгі салмақта Азат Махметов аустралиялық боксшы Джек Боуэнді ұтты. 75 келіге дейінгі салмақта Садриддин Ахмедов шаршы алаң иесі Саесита Апичетаны жеңді. Ұлттық құрама сапында үшінші болып жартылай финалға Ерік Әлжанов (-75 келі) жолдама алды. Ол да ширек финалда тайландтық боксшы Фромтай Наттанфоннан басым түсті.

Бірінші кездесулерінде жеңіске жеткен Нұрбол Қалжанов (-56 келі) кәріс Ху Нам Жоға, Сұлтан Зауырбек (-60 келі) кубалық Палмер Каррион Дариевскиге, Қуан Қуатов (-64 келі) үндістандық Токас Рохитке ұтылды.

Жартылай финалға шыққан қазақ боксшылары өз жекпе-жектерін ертең өткізеді. Қарсыластары төмендегідей:

52 келіге дейінгі салмақта - Азат Махметов - Залдивар Сантистеба Франк (Куба);
69 келіге дейінгі салмақта - Садриддин Ахмедов - Жоэль Бахо (Филиппин);
75 келіге дейінгі салмақта - Ерік Әлжанов - Иглесиас Эстрада Ослей (Куба).

Тайландтағы жарысқа ұлттық құрама жаттықтырушылары жас боксшылардың қатысатынын хабарлаған болатын. Ал негізгі құрам сәуір айының соңында Ташкентте басталатын Азия чемпионатына дайындығын пысықтауда.