Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Қайраттың" бас жаттықтырушысы ауысуы мүмкін

"Қайраттың" бас жаттықтырушысы ауысуы мүмкін

Жаңа футбол маусымын сүреңсіз бастаған Алматының "Қайрат" клубының бас жаттықтырушысы ауысуы мүмкін. Қазір команданы жаттықтырып жүрген Кахабер Цхададзенің орнына ресейлік маман Владимир Мұханов келуі әбден ықтимал, - деп жазады Kazfoоtball.kz.

Алматылық команда кеше өз алаңында Павлодардың "Ертісімен" тең түсті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Нәтижесінде "Қайрат" төртінші ойын қатарынан жеңіске жете алмай келеді. Мамандар команданың бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзенің қызметінен кетуі мүмкін екенін топшылап отыр. Бұл қызметке бүгінде Көкшетаудың "Оқжетпес" клубын жаттықтырып жүрген Владимир Мұханов келуі мүмкін екен.

Айта кетейік, Кахабер Цхададзе "Қайрат" командасының тізгінін 2016 жылдың сәуір айында ұстаған еді. Ол командамен бірге ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Ел кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Қазіргі таңда "Қайрат" 7 ұпаймен турнирлік кестеде 5-орында келеді.

Фото: kazfootball.kz
Қосылған күні: 05 сәуір 2017, 10:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.