Данилина WTA кестесінде 85 сатыға жоғарылады

Данилина WTA кестесінде 85 сатыға жоғарылады

Қазақстандық теннисші қыз Ярослава Шведова WTA рейтингінің жаңартылған кестесінде бір саты төмендеп, 36-орынға орналасты.

Галина Воскобоева және Сесиль Каратанчева кестеде өз жағдайларын төрт және үш сатыға жоғарылатқан. Енді Воскобоева 81-сатыға, ал Каратанчева 84-сатыға табан тіреген. Ксения Первак бір саты төмендеп, 99-сатыға жайғасқан. Ал Юлия Путинцева 145-орынды сақтап тұр. Зарина Диас бірден 27 саты төмен құлдилап, 354-орынға тұрақтаған. Қазақстандық теннисшілердің арасынан бұл аптада ең көп ұпай жинаған Анна Данилина болды. Анна 85 саты жоғарылап, енді WTA рейтингінің 384-орнына көтерілген.

Сонымен қатар бұл аптада алғашқы үздік ондықта өзгеріс жоқ. Көш басында Виктория Азаренко тұр.


2012 жылдың 1 қазанына WTA рейтінгі
1 (1). Виктория Азаренко (Беларусь) - 10095 ұпай,
2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 8435,
3 (3). Агнешка Радваньская (Польша) - 8015,
4 (4). Серена Уильямс (АҚШ) - 7900,
5 (5). Петра Квитова (Чехия) - 6520,
6 (6). Ангелика Кербер (Германия) - 5350,
7 (7). Сара Эррани (Италия) - 4855,
8 (8). Ли На (Қытай) - 4650,
9 (9). Саманта Стосур (Австралия) - 4475,
10 (10). Марион Бартоли (Франция) - 3700,
...
36 (35). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 1472;
81 (85). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 795;
84 (87). Сесиль Кратанчева (Қазақстан) - 776;
99 (98). Ксения Первак (Қазақстан) - 662;
145 (145). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 463;
354 (327). Зарина Дияс (Қазақстан) - 120;
384 (469). Анна Данилина (Қазақстан) - 102;
632 (637). Залина Хайрудинова (Қазақстан) - 37;
727 (756). Камила Керимбаева (Қазақстан) - 26;
959 (960). Елена Немчен (Қазақстан) - 11;
992 (996). Екатерина Клюева (Қазақстан) - 10.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: joyreactor.cc

У. ҚОСАНБАЙ