Зарина Дияс Цюаньчжоудағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Дияс Цюаньчжоудағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты
Фото ©️ vesti.kz

Қазақ теннисшісі Зарина Дияс Қытайдың Цюаньчжоу қаласында өтіп жатқан ITF санатындағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.

БӨЛІСУ

1/8 финалда Зарина Дияс қытайлық теннисші Линь Чжуды екі сет бойынша 6:4 және 6:1 есебімен ұтты. Отандасымыз ширек финалда тағы бір қытайлық теннисші Чжэн Сайсаймен кездеседі.

Айта кетейік, Зарина Дияс қазіргі таңда «WTA» рейтингінде 209-орында келеді. Жарақатына байланысты осыған дейін көп жарыстарға қатыспаған болатын.