ӘЧ-2017. Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада үздік ондыққа енді (видео)

ӘЧ-2017. Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада үздік ондыққа енді (видео)

Қазақ мәнерлеп сырғанаушысы Элизабет Тұрсынбаева Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында үздік ондыққа енді. Отандасымыз еркін бағдарлама кезеңі бойынша да ондықтағы орнын сақтап қалар болса, 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан екі мәнерлеп сырғанаушы қатысатын болады.

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 65,48 ұпай иеленді. Нәтижесінде үздік ондықты қорытындылады. Отандасымыз өз жаттығуларын жоғары деңгейде орындап шықты. Әсіресе анасының қуанышында шек болмады.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведева бірінші орында келеді. Ол 79,01 ұпайға ие болды. Екінші және үшінші орындарға канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Кейтлин Осмонд (75,98) пен Габриэль Дэйлман (72,19) тұрақтап тұр.

Мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарлама жарысына 31 наурыз күні шығады. Әлем чемпионатының спортшылар үшін маңызы жоғары. Себебі 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама (квота) ұпайлары берілетін болады. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Иманбектің ремиксі "Грэмми" премиясын жеңіп алуы мүмкін
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Бүркіттің жасына қарай атаулары
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Қытай зонды араға 44 жыл салып Айдан топырақ үлгісін әкеледі
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
Ең ұзын жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды
"Дарын 2020" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды