Қазақстанға Флойд Мейвезер келеді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстанға Флойд Мейвезер келеді
Фото ©️ Sportbox

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында биыл Астанада өтетін 55-ші "WBC" конвенциясының жай-жапсарын айтып берді.

БӨЛІСУ

- Конвенцияны Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы мен "WBC" басшылығы өткізеді. Әзірше 25 тамыз бен 1 қыркүйек арасы деп отырмыз. Конвенция EXPO халықаралық көрмесінің аясында өтеді. Оған меценаттар, сарапшылар, бокс жұлдыздары келеді. Құрметті қонақтардың ішінде америкалық Флойд Мейвезер мен Лейла Әли де бар, - деді Ерлан Бекхожин. 

Ал осыған дейін конвенцияға даңқты боксшы Майк Тайсонның келетіні белгілі болған еді.