Поветкин Рахманды нокаутпен ұтты

Поветкин Рахманды нокаутпен ұтты

WBA тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы 33 жастағы ресейлік Александр Поветкин (25-0-0, 17 КО) экс-чемпион 39 жастағы американдық Хасим Рахманды (50-8-2, 41 КО) техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Орыс батыры" лақап атымен танымал ресейлік бірінші раунда-ақ басымдықты өз қолына алды. Екінші раундта Рахман қарсыласының ауыр соққысын бірінен соң бірі жіберіп алып жатты. Осы сәтті ұтымды пайдаланған Поветкин соққылардың бірнеше сериясын қарсыласына дарытып үлгерді. Рахманның кездесуді одан әрі жалғастыруға шамасы келмейтінін білген төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.   

сурет: kino-star.com

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Б. Қосмағамбет