Геннадий Головкин жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Дэниел Джейкобсқа қарсы жекпе-жекте қолдау білдірген барша жанкүйерлеріне өз алғысын білдірді. Сондай-ақ қазақ елін Наурыз мейрамымен құттықтады.

- Нью-Йорктің басты аренасында өз үйімде жүргендей жағдай жасап, жекпе-жекке келгендерге алғыс айтамын! Келгендеріңізге, қолдағандарыңызға, Мэдисон Сквер Гарденнің әрбір секторында біздің туымыз көрініп тұрғаны үшін рақмет! Жексенбіде таңғы уақытта ұйықтамаған жерлестеріме рақмет. Сіздердің қолдау мен үшін маңызды, үлкен спорт мерекесінің бір бөлшегі болғандарыңызды сезіндіңіздер деп сенемін! Геннадий Головкин", - деп жазды спортшы.

Спортшы жанкүйерлеріне алғысын білдіріп қана қоймай, қазақ елін Наурыз мейрамымен де құттықтады.

- Happy Nauryz to you all! Барлық қазақстандықты Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Көктемнің басты мерекесі қарсаңында жерлестерімді қуанта білгеніме қуаныштымын. Бұл жеңіс Наурыз мейрамына орай жасаған сыйым! Біздің Жаңа жыл жеңіспен басталды, жалғасы да осындай сәтті болсын! Наурыз құтты болсын! GGG", - деп жазды GGG.

Айта кетейік, Геннадий Головкин жексенбі күні америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасып, ұпай айырмасымен жеңіске жеткен болатын.

Бөлісу: