Геннадий Головкин жекпе-жекті жылдам аяқтамайды

Геннадий Головкин жекпе-жекті жылдам аяқтамайды
Фото: vk.com (GGG парақшасы)

Геннадий Головкин алғашқы раундтарда өзіне талай соққы жіберіп, жекпе-жекті ерте бітірмеудің амалын жасайды. Неліктен? Бұл туралы "Массагет" тілшісіне боксшының бапкері Абель Санчес айтты.

Дәл осылай Геннадий Головкин өзінің кейінгі қарсыласына қорғаныста өзінің осал тұстары бар екенін көрсетуі керек. Сол кезде ғана өзге қарсыластар кезекті келісімшартқа қол қоюға келіседі.

Бүгінгі "Big Drama Show"-ді көруге "WBO" тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс арнайы келгелі тұр. Ал Головкинге онымен шаршы алаңға шығу өте маңызды. Себебі GGG-ге дәл соның атағы ғана жетіспей тұр.

Абель Санчес те, Том Леффлер де, тіпті, Геннадий Головкиннің өзі де Джейкобс дайындығы өте жоғары деңгейде екенін айтумен әлек. Расында ондай емес. Салмақ өлшеу кезінде Джейкобстың біраз абыржығанын көрдік. Жекпе-жек уақыты жақындаған сайын оның жүйкесі сыр бере бастаған сияқты. Үш ай бұрыңғы баспасөз мәлімдемесінде Джейкобстың өзіне деген сенімділігі əлдеқайда жоғары болатын.

Мұнымен олар Головкинді Сондерстің алдында көп қателіктерге бой алдыруын сахналастырмақ. Жекпе-жек өздеріңізге белгілі болғандай, 9 қыркүйекте Астана қаласында өтуге тиіс. Сценарий бойынша Джейкобс жеңілгеннен кейін Сондерс келісімішартқа қол қояды. GGG Team-нің қазіргі мақсаты осы болып отыр.

Нью-Йорктен арнайы

Массагет үшін

Жолдас Өрісбай

Ө. Сансызбай