Футболдан Алаш орда қайраткерлеріне арналған турнир өтті

Футболдан Алаш орда қайраткерлеріне арналған турнир өтті

Бүгін Алматы қаласында "Алаш" партиясының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты футболдан турнир өткізілді. "AlASH CUP" деген бастамамен ұйымдастырылған шараға қаланың көптеген мекемесінен құрамалар келіп өз өнерлерін көрсетті. Аталған шара басталар алдында тәуелсіздік жолында құрбан болған жандарды еске алу рәсімі өтті. 

 

Аталған турнирдің уақыты Ұлыс ұлы күні Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, мұнда киіз үй тігіліп, наурыз көже де дайындалды. Келген қонақтар дәмнен ауыз тиіп, ұлттың ұйытқысы болған жандар жайында жақсы әңгімелерімен де бөлісіп отырды.  

Сонымен қатар арнайы алдырған мына бір қос тазыға да көптің назары бірден ауды. Жеті қазынаның бірі болып саналатын бұл жануарлар біздің халық үшін жоғары бағаланатыны белгілі.  

Күні кеше жауған қарға қарамастан ойыншылар жасыл алаңда тамаша ойын өрнегін көрсете білді. Ережесіз жекпе-жекте алдына жан салмай жүрген спортшылар да өз командаларымен жарыс жолына шықты. Ұлт мақтаныштарын ұлықтауға келген "Alash pride" жігіттері өздерінің футболды да жақсы ойнайтындарын көрсете білді. Сонымен қатар  "Алаш time", "Prosport" талдықорғандық "Жетісу" мен кәсіпкерлерден құралған командалар турнирдің сәнін келтірді. 

8 команданың ішінен үздік шыққан "Проспорт" құрамасы үшінші орынды қанжығасына байласа, екінші орын кәсіпкерлердің еншісіне бұйырды. Ал, талдықорғандық "Жетісу" командасы өзінің мықтылығын көрсетіп бас жүлдені жеңіп алды. Құрмет грамотасымен қатар арнайы осы турнир үшін жасалған "Alash Cup" кубогын иеленген жігіттер өз қуаныштарын да жасырмады. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Итбегілік – бабадан қалған асыл мұра
Итбегілік – бабадан қалған асыл мұра
Бас неліктен ауырады?
Бас неліктен ауырады?
Ағылшын сөздерінің екінші мағынасын білесіз бе?
Ағылшын сөздерінің екінші мағынасын білесіз бе?
Қалай жатып ұйықтаған дұрыс?
Қалай жатып ұйықтаған дұрыс?
Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады
Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады