Чемпиондар лигасы. "Реал" ширек финалда "Бавариямен" ойнайды

Чемпиондар лигасы. "Реал" ширек финалда "Бавариямен" ойнайды
Фото: vk.com

Футболдан Еуропаның басты додасы саналатын Чемпиондар лигасының ширек финалдық жеребесі тартылды. Салтанатты шара Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде өтті. 

Жеребе қорытындысы бойынша "Боруссия д" (Германия) - "Монако" (Франция), "Атлетико М" (Испания) - "Лестер Сити" (Англия), "Бавария" (Германия) - "Реал Мадрид" (Испания), "Ювентус" (Италия) - "Барселона" (Испания) командалары бір-біріне қарсылас атанды.

Командалар арасындағы бірінші ойындар 11-12 сәуірде, қарымта ойындар араға бір апта салып өтеді. Алғашқы ойындар жоғарыда бірінші жазылған командалардың алаңында болады.

Айта кетейік, 2017 жылғы Чемпиондар лигасының финалы 3 маусым күні Кардиффте өтеді.

Ө. Сансызбай