Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан барлық командалар анықталды

Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан барлық командалар анықталды

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын клубтар арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы ойындар аяқталды. Қос ойын қорытындысы бойынша ширек финалға шыққан барлық командалар белгілі болды. Түнде "Монако" "Манчестер Ситиді", "Атлетико" леверкузендік "Байерді" жарыс жолынан шығарды.

"Монако" (Франция) – "Манчестер Сити" (Англия) 3:1

Екі команда арасындағы текетіресте ағылшындық клуб фаворит саналған. Тіпті бірінші ойыннан кейін "Манчестер Ситидің" ширек финалға шығу мүмкіндігі жоғары болатын. Себебі Хосеп Гвардиола шәкірттері қарсыластарын өз алаңында 5:3 есебімен ұтқан еді.

"Монако" қарымта ойында есесін қайтарды. Бірінші таймда Мбаппе мен Фабиньоның голдары алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймда Лерой Сане бір гол соғып, ағылшындық клубтың келесі кезеңге шығу мүмкіндігін арттырды. Алайда 77 минутта Тьемуэ Бакайоко "Монаконың" үшінші голын соғып, командасын ширек финалға алып шықты.

"Атлетико" (Испания) – "Байер" (Германия) 0:0

Леверкузенде өткен бірінші ойында 4:2 есебімен жеңіске жеткен "Атлетико" өз алаңындағы қарымта ойында қарсыластарына есе жіберген жоқ. Командалар 90 минут бойы шабуылда ойнағанмен, есеп аша алған жоқ. Нәтижесінде 0:0 есебімен тең тарқасты.

Осыған дейін Чемпиондар лигасының ширек финалына Дортмундтың "Боруссия", Мадридтің "Реал", Каталонияның "Барселона", Туриннің "Ювентус", Мюнхеннің "Бавария", Лестердің "Лестер Сити" командалары шыққан болатын. Ширек финалдың жеребесі 17 наурыз күні өтеді.  

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?