Алматыда қазақ күресінен ел біріншілігі өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Алматыда қазақ күресінен ел біріншілігі өтеді
Фото ©️ massaget.kz

18-19 наурыз күндері Алматыда қазақ күресінен ел біріншілігі өтеді. Жарысқа еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларынан 200-ден аса балуан қатысады.

БӨЛІСУ

Биылғы біріншілікке үш дүркін «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев, әлем чемпиондары Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров, Айбол Айтбек және Ғани Сейділдаев, тұңғыш «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл, сонымен қатар Руслан Әбдіразақов, Мұрат Кентонов сынды танымал балуандар да қатысады.

Алматыдағы жарысты Қазақстан чемпионаты ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан қазақ күресі федерациясы және Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырып отыр. «Халық арена» спорт кешенінде өтеді.

Жарыс бағдарламасы: 

18 наурыз 

10:00. 82 келі, 90 келі, 100 келі және +100 келі салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері 
12:00. Жарыстың салатанатты ашылу рәсімі 
16:00. 82 келі, 90 келі, 100 келі және +100 келі салмақ дәрежелері бойынша финал 

19 наурыз 

10:00. 55 келі, 60 келі, 66 келі және 74 келі салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері және түйе балуандар белдесуі