Қазақ балуандары әлем кубогына қатысады

Қазақ балуандары әлем кубогына қатысады
Фото: unitedworldwrestling.org

16-17 наурыз аралығында Иранның Абадан қаласында грек-рим күресінен командалық әлем кубогы өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.

Әлем кубогына 8 елдің құрамасы қатысады. Осыған дейін өткен жеребе бойынша 8 құрама 2 топқа бөлінген. «А» тобында Қазақстан, Ресей, Иран және Германия құрамалары болса, «В» тобына Әзірбайжан, Түркия, Беларусь және Украина елінің балуандары түскен.

Жарыста жеңімпаз атанған құрамаға 25 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Екінші орын алған құрама 15 000 АҚШ долларын, үшінші орын иегерлері 10 000 АҚШ долларын алатын болады.

Әлем кубогына Қазақстан құрамасы сапында 10 балуан бақ сынайды. Отандастарымыз алғашқы белдесулерінде Ресей балуандарымен кездеседі.

59 келі - Жансерік Сәрсенбаев, Айдос Сұлтанғали 
66 келі - Данияр Қаленов 
71 келі - Демеу Жадыраев 
75 келі - Тамерлан Шадукаев, Мақсат Ережепов 
80 келі - Дәулет Жақсылықов 
85 келі - Азамат Күстібаев 
98 келі - Әлімхан Сыздықов 
130 келі - Дамир Күзембаев

Ресей құрамасы

59 келі - Мингиян Семенов, Степан Марянян 
66 келі - Артём Сурков, Алексей Киянкин 
71 келі - Абуязид Манцигов, Юрий Денисов 
75 келі - Роман Власов, Чингиз Лабазанов 
80 келі - Рамазан Абачараев, Адлан Акиев 
85 келі - Давит Чакветадзе, Евгений Салеев 
98 келі - Максим Сафарян 
130 келі - Сергей Семенов, Борис Вайнштейн 

Иран құрамасы

59 келі - Мохаммад Нурбахш, Мошен Хаджипур 
66 келі - Али Арсалан, Армин Сури 
71 келі - Афшин Байбангард, Мохаммадали Гераеи 
75 келі - Саид Абдвали, Расул Гармсири 
80 келі - Юсеф Гадериан, Рамин Тахерисартанг 
85 келі - Хосейн Нури, Махди Фаллахамидабади 
98 келі - Саидмустафа Салехизаде, Махди Алиярифейзабади 
130 келі - Бенам Мехдизаде, Амир Гесемимонджази 

Германия құрамасы

59 келі - Кристофер Крамер 
66 келі - Эрик Вейс 
71 келі - Максимилиан Швабе 
75 келі - Флориан Ноймайер 
80 келі - Паскаль Эйзель 
85 келі - Рамзин Азизир 
98 келі - Оливер Хасслер, Петер Ойлер 
130 келі - Эдуард Попп, Кристиан Джон 

Ө. Сансызбай