"Қайсар" премьер-лига көшін бастады

О Сансызбай Корреспондент
"Қайсар" премьер-лига көшін бастады
Фото ©️ vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының ІІ тур ойындары аяқталды. Екі турдың қорытындысы бойынша Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы көш басына шықты. Назарларыңызға кеше өткен ойындардан қысқа шолу ұсынамыз.

БӨЛІСУ

Мардан Төлебек – айып соққысының хас шебері

Ордабасы футбол клубының жартылай қорғаушысы Мардан Төлебек ІІ турда да айып соққысының хас шебері екенін тағы бір дәлелдей білді. І турда айып соққысынан "Астана" қақпасына гол соқса, кеше командасын соңғы минутта жеңілістен құтқарып қалды. Бұл жолы да айып соққысынан гол соқты. Нәтижесінде Шымкенттегі "Ордабасы" мен "Атырау" кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ордабасы – Атырау 1:1 (0:0)

Голдар: Обшивац 83 (0:1), Төлебек 90+4 (1:1)

Ескертулер: Қожабаев 50, Ковальчук 80, Төлебек 83

"Астана" алғашқы ұпайын алды

Өткен маусымда ел чемпионы атанған "Астана" футбол клубы Павлодарда "Ертіспен" тең ойнады. Бірінші болып елордалық клуб сапынан Серікжан Мұжықов есеп ашқанмен, бірінші тайм аяқталғанша алаң иелері таразы басын теңестіре білді. "Ертістің" голын Евгений Ткачук соқты.

Ертіс – Астана 1:1 (1:1)

Голдар: Мұжықов 14 (0:1), Ткачук 30 (1:1)

Ескертулер: Дарабаев 40 – Постников 84

"Ақжайықтың" асығы алшысынан түсті

Оралдың Ақжайық футбол клубы өз алаңында Қарағандының "Шахтер" командасын ұтты. Бірінші турда "Ертіске" есе жіберген батысқазақстандық команданың екінші турда асығы алшысынан түсті. Қарсыластар қақпасына үш гол соға білді. Ал қонақтар бір голмен ғана жауап қатты.

Ақжайық – Шахтер 3:1 (2:0)

Голдар: Рубио 2 (1:0), Изу пенальтиден 8 (2:0), Тәжімбетов 69 (2:1), Изу 72 (3:1)

Ескертулер: Сапанов 21, Төлебаев 87 – Шацкий 7, Сзоке 44

"Тобыл" мен "Ақтөбе" тең түсті

Затобольскіде өткен ойында есеп ашылмады. Осылайша, қостанайлық команда екі турдан кейін төрт ұпай жинаса, "Ақтөбе" клубы биылғы маусымдағы өзінің бірінші ұпайын қоржындарына салды. 

ІІІ турда "Тобыл" көкшетаудың "Оқжетпесіне" қонаққа барса, "Ақтөбе" өз алаңында "Ордабасы" клубын қабылдайды. 

"Тобыл" – "Ақтөбе " 0:0 (0:0)

Ескертулер: Мухутдинов 73, Шимкович 87, Сартаков 90 – Шурыгин 24, Аслан 31, Шестаков 80

"Қайрат" пен "Оқжетпес" те тең ойнады

Алматыда өткен ойын тартысқа толы болды. Жанкүйерлер төрт бірдей голдың куәгері болды. Пенальти мен алаңнан қуылған ойыншы да болды. Командалар 2:2 есебімен тарқасты.

"Қайрат" – "Оқжетпес" 2:2 (1:1)

Голдар: Козлов 19 (0:1), Маркович 34 (1:1), Аршавин 83 (2:1), Волков пенальтиден 90+4 (2:2)

Ескертулер: Ахметов 45, Исламхан 56, Маркович 90+1, Сүйімбаев 90+4 – Чертов 35, Козлов 58, Волков 81

Алаңнан қуылды: Ахметов 53 (екінші сары қағаз)

"Қайсардың" ұпайы түгел

Екі турдың қорытындысы бойынша Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы көш басына шықты. Олар ІІ турда "Таразды" ұтты. Бірінші турда қызылордалықтар соңғы минутта "Оқжетпесті" сан соқтырған еді. 

"Қайсар" – "Тараз" 2:1 (1:1)

Голдар: Мухаметшин 15 (0:1), Аржанов 34 (1:1), Нтибазонкиза 71 (2:1)

Ескертулер: Горбанец 31

Турнир кестесі