Қуат Хамитов сәуір айында жекпе-жек өткізеді

Қуат Хамитов сәуір айында жекпе-жек өткізеді
Фото: Kuat ''NaimaN'' Khamitov (Official page)

Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат "Найман" Хамитовтың келесі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы «Vesti.kz» сайтының қазақ бөлімі хабарлады.

Отандасымыз келесі жекпе-жегін "FIGHT NIGHTS" ұйымы аясында 21 сәуір күні Владивостокта өткізеді. "FIGHT NIGHTS GLOBAL 64" турнирі барысында октоганга шығады.

Қуат Хамитовтың қарсыласы жеңіл салмақта "FIGHT NIGHTS" ұйымының чемпиондық атағына ие Магомедсайгид Алибеков болады. Бұл жекпе-жекте қарсыласы өз атағын қорғайды.

Негізі бұған дейін Магомедсайгид Алибековтың қарсыласы Ахмед Алиев болуы керек болған. Бірақ ол жарақат алып қалыпты. Сондықтан да ұйымдастырушылар жекпе-жекке Қуат Хамитовты шақырып отыр.

Айта кетейік, бұл Қуат Хамитов үшін "FIGHT NIGHTS" ұйымында өткізейін деп жатқан екінші жекпе-жегі. Бірінші жекпе-жегін ол 2016 жылдың 16 желтоқсанында Гаджи Рамадановпен өткізіп, жеңіске жеткен еді. 

Ө. Сансызбай