Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Барселонаның" бас жаттықтырушысы қызметінен кететін болды

"Барселонаның" бас жаттықтырушысы қызметінен кететін болды

"Барселона" футбол клубының бас жаттықтырушысы Луис Энрике осы маусым аяқталысымен қызметінен кететін болды. Бұл туралы каталондық клубтың "twitter" желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

- Мен келесі маусымнан бастап "Барселонаны" жаттықтырмаймын. Бұл – мен үшін ең қиын шешім болды. Көп уақыт ойландым. Клубтың маған сенім артқанына алғысым шексіз. Мұнда ұмытылмастай үш жылымды өткіздім, - деген Луис Энрике.

Жаттықтырушы каталондық клубтың тізгінін 2014 жылдың мамыр айында ұстаған еді. Одан бергі аралықта екі рет Испания чемпионатын, екі рет Испания кубогын жеңіп алды. 2015 жылы Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Қазіргі таңда "Барселона" 57 ұпаймен Испания чемпионатында көш бастап тұр. Олардан 1 ұпайға қалып келе жатқан мадридтік "Реалдың" еншісінде әлі бір артық ойыны бар.

Айта кетейік, Луис Энрикенің қызметінен кететіні "Барселонаның" Чемпиондар лигасында Францияның "ПСЖ" командасынан 4:0 есебімен ұтылғанынан кейін айтыла бастаған еді. 

Фото: 112.ua
Қосылған күні: 02 наурыз 2017, 10:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.