Винокуров жеті баланың шет елде емделуіне қол ұшын бермек

Винокуров жеті баланың шет елде емделуіне қол ұшын бермек

Александр Винокуров Олимпиада ойындарында топ жарған велосипедін екі апта бұрын аукционда сатқан болатын. Енді сол сатылған велосипедтен түскен қаржыны Олимпиада чемпионы науқастары аса ауыр жеті баланың шет елде ем қабылдауы үшін жұмсайтын болады.

«Мен бұл велосипедпен көптеген турнирлерде топ жардым. Енді велосипедтен түскен қаржылар арқылы  көптеген науқас балаларға көмектесе аламын. Емделіп жатқан балалардың ішінен міндетті түрде чемпиондар шығады деп үміттенемін. Спортта болмаса да, өмірде! Әр адам рухани мықты болу керек. Сонда ғана чемпион боласың», - дейді Олимпиада чемпионы.

Қайырымдылық қорынан түскен пайдалар Алматылық  4 жасар  Айша Бексұлтанның, Астаналық 3 жасар Аяулым Құрбанованың, Солтүстік Қазақстандық 13 жасар Евгения Распоованың, Шымкенттік 14 жасар Нұрбол Ережеповтың, Көкшетаулық 14 жасар Индира Аманжолованың, Қостанайлық 15 жасар Евгения Бойконың және 2 жасар Алматы облысының тұрғыны Милена Мезенцеваның емделуіне жұмсалатын болады. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: tengrinews.kz

У. ҚОСАНБАЙ