Қазақстандық шаңғышылар эстафеталық сында екінші орын алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық шаңғышылар эстафеталық сында екінші орын алды
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық шаңғышылар Сергей Черепанов, Ердос Ахмадиев, Николай Чеботько мен Ринат Мухин Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарының эстафеталық сынында екінші орын алды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынын кезекті күміс медальмен толықтырды.

БӨЛІСУ

Ерлер арасындағы эстафеталық жарыста Жапония елінің шаңғышылары жеңімпаз атанды. Қола медальды Оңтүстік Корея спортшылары жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы эстафеталық жарыста қазақстандық шаңғышы қыздар төртінші орын алып, жүлделі орыннан көріне алмады.