Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақ боксшылары Болгарияда бақ сынауда

Қазақ боксшылары Болгарияда бақ сынауда

Қазақ боксшылары Болгарияда бақ сынауда

Бокстан Болгария елінің астанасы Софияда «Страндж» халықаралық турнирі басталды. Биыл бұл жарыс 68-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Болгариядағы жарысқа Қазақстан құрамасы сапында 7 боксшы қатысуда. Өкінішке орай турнирдің бірінші кезеңінде екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Құрметов грузин боксшысы Отар Ераносянға 3:2 есебімен ұтылды. Ал 56 келіге дейінгі салмақта ел чемпионатының күміс жүлдегері Нұрбол Қалжанов өзбек боксшысы Бахтовар Назирбековке жеңілді.

Абылайхан Жүсіпов (69 келі) нидерланд боксшысы Хавьер Кохленді айқын ұтты. «Astana Arlans» сапында бақ сынап жүрген ауыр салмақтағы қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев үнді боксшысы Сатиш Кумардыан 5:0 есебімен айласын асырды. Азамат Исақұлов пен Ержан Жомарт та бірінші кезеңнен сүрінбей өтті. Ержан өткен жылы осы турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Бүгін 75 келіге дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахмет шаршы алаңға шығады. Жарыстың жартылай финалы мен финалдық жекпе-жектері 25-26 ақпан күндері өтеді.

Фото: Данияр Майлыбаев
Қосылған күні: 23 ақпан 2017, 13:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.