Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / «Арландар» Талдықорғанда өзбек боксшыларын ұтты

«Арландар» Талдықорғанда өзбек боксшыларын ұтты

«Арландар» Талдықорғанда өзбек боксшыларын ұтты

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) бақ сынайтын «Astana Arlans» клубы Талдықорғанда Өзбекстанның «Uzbek Tigers» командасын 4:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде топтық кезеңдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қос клуб арасындағы жекпе-жекті 52 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар бастады. Команда капитаны Олжас Сәттібаев Аброржан Қодировты айқын жеңіп шықты. Ал екінші жекпе-жекте Закир Сафиуллин Муроджан Ахмадалиевпен жұдырықтасты. Риода 56 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, қола жүлдегер атанған өзбек боксшысы отандасымызға қарсы шайқаста қауқарлы қарсылық таныта алмады. Намысқа тырысып, қарсыласынан бір бәс жоғары екенін байқатты.

«Astana Arlans» командасы үшінші жекпе-жек қорытындысы бойынша уақытынан бұрын жеңіске жетті. 69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысы, Олимпиаданың күміс жүлдегері Шахрам Гиясовты жеңді.

81 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Жарманов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Бектемір Меликузиевті ұта алмады. Ал соңғы болып шаршы алаңға көтерілген Қамшыбек Қоңқабаев Баходыр Жалоловтан айласын асырып, 4:1 есебімен қазақ боксшыларына жеңіс сыйлады. 

«Astana Arlans» топтағы келесі кездесуін 4 наурыз күні Атырауда Қытайдың «China Dragaons» командасына қарсы өткізеді. 

Фото: vk.com (Astana Arlans)
Қосылған күні: 18 ақпан 2017, 20:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.