"Барселона" бірінші ойында "ПСЖ"-дан ойсырай ұтылды

"Барселона" бірінші ойында "ПСЖ"-дан ойсырай ұтылды
Фото: Sportska Centrala

Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы ойындар басталды. Түнде өткен кездесулерде "ПСЖ" "Барселонаны" 4:0 есебімен ұтса, "Бенфика" дортмундтық "Боруссиядан" 1:0 есебімен басым түсті.

"ПСЖ" (Франция) – "Барселона" (Испания) 4-0

Футболсүйеер қауым мен сарапшылар Парижде дәл осындай есеп айырмасы тіркеледі деп күтпеген еді. Алғақшы минуттардан-ақ қонақтар қақпасына атой салған ПСЖ футболшылары айқын басымдығын байқатты. 18 минутта Анхель Ди Мария айып соққысын асқан шеберлікпен орындап, есеп ашты. 40 минутта Юлиан Дракслер есепті еселеді.

Екінші таймда да париждік клубтың айдарынан жел есті. 55 минутта Ди Мария дубль авторы атанды. Оның тепкен добын Тер Штеген қайтара алмады. Ал 72 минутта Эдинсон Кавани есепті 4:0-ге жеткізді. Нәтижесінде төрт маусым қатарынан қарсыластарынан қаймығып келген ПСЖ ширек финалға шығуға нықтап қадам жасады.

Анхель Ди Мария мен Эдинсон Кавани туған күндерінде гол соғып жанкүйерлерін қуантты. Енді қарымта ойында Барселонаны аса жауапты кездесу күтіп тұр. Чемпиондар лигасы тарихында бірінші ойында 4:0 есебімен ұтылған бірде-бір команда келесі кезеңге шықпаған.

Бенфика (Португалия) – Боруссия д (Германия)

Лиссабонда өткен ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойында Бенфикаға жеңіс сыйлаған голды 49 минутта Костас Митроглу соқты. 57 минутта дортмундтық клубтың таразы басын теңестіруге зор мүмкіндігі болған. Алайда пенальти тебуде Пьер-Эмерик Обамеянг қателесті. Оның тепкен добын қақпашы Эдерсон қайтара білді, Одан кейінші аралықта да Томас Тухель шәкірттері гол соғуға ұмтылғанмен, нәтиже шықпады.

Қос команда арасындағы қарымта ойын 8 наурыз күні түнде өтеді. 

Ө. Сансызбай