"Арсенал" ойыншыларын мойындатқан ару (видео)

"Арсенал" ойыншыларын мойындатқан ару (видео)
Фото: footytube.com

Ағылшын премьер лигасында өнер көрсететін "Арсенал" футбол клубының ойыншылары бойжеткеннің өнеріне таңданыстарын жасырмады. Джака, Окслейд-Чемберлен, Бельерин мен Мустафиді сан соқтырған Лиза Зимоуш жігіттерге өздерінен де мықты арулардың бар екенін мойындатты. 17 жастағы фристайлдан чемпион атанған қыз ала допты ұршықша иіреді. Жаттығу сәтінде арудан айласын асыра алмаған жігіттер бастарын шайқап, қошеметтеуден басқа амалдары қалмады.

B. ZHAQSYMBET