Али Балоев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады

Али Балоев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады
Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы Али Балоев кәсіпқой боксқа ауысады. 23 жастағы отандасымыз алғашқы жекпе-жегін 18 ақпан күні Ригада өткізеді.

Али кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін латвиялық боксшы Марекс Ковалевскиске қарсы өткізеді. 32 жастағы қарсыласы кәсіпқой бокста жиырма бес кездесуге қатысқан. Оның екеуінде ғана жеңіске жеткен. Екі жекпе-жегін тең аяқтаған. Ал қалған жиырма бір жекпе-жегінде ұтылған. Ауыр салмақ дәрежесінде өтетін қос боксшы арасындағы жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Али Балоев Алматыдағы «Абылай хан» залында белгілі жаттықтырушы Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығады. Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы. 

Ө. Сансызбай