Нұрберген Жұмағазиев әлем кубогының қола жүлдегері атанды

О Сансызбай Корреспондент
Нұрберген Жұмағазиев әлем кубогының қола жүлдегері атанды
Фото ©️ Liter.kz

Беларусь елінің астанасы Минскіде өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогында отандасымыз Нұрберген Жұмағазиев 1000 метр қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді.

БӨЛІСУ

Әлем кубогының бұл сынында оңтүстіккореялық Хван Дэ Хон топ жеңімпаз атанды. Күміс медальды нидерланд шорт-трекшісі Сьенки Кнегт ұтып алды.

Айта кетейік, Нұрберген Жұмағазиев өткен жылы Оңтүстік Кореяда өткен әлем кубогы кезеңінде 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанған болатын. Ал жақында ғана Алматыда өткен Универсиада ойындарында эстафеталық сында және 1500 метр қашықтықта қола жүлдегер болған еді.