Рохер Каньяс АПОЭЛ сапындағы алғашқы ойынын өткізді

О Сансызбай Корреспондент
Рохер Каньяс АПОЭЛ сапындағы алғашқы ойынын өткізді
Фото ©️ vesti.kz

"Астана" футбол клубынан Кипрдың АПОЭЛ командасына уақытша ауысқан колумбиялық футболшы жаңа командасы сапындағы алғашқы ойынына қатысты. Ол кипрлік клубқа жақында ғана ауысып барған болатын.

БӨЛІСУ

АПОЭЛ ХХІІІ тур ойындарында Кармиотисса командасымен кездесті. Сырт алаңда өткен ойында Рохер Каньяс негізгі құрамда ойнаған жоқ. 77 минутта ойында командасына жеңіс сыйлаған голды соққан Факундо Бертольоны алмастырды.

Рохер Каньяс командасы маусымдағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді. 56 ұпаймен көш бастап келеді. Келесі турда өздерінен 6 ұпайға қалып келе жатқан АЕЛ клубымен ойнайды. Кипр чемпионатының бірінші кезеңі наурыз айының басында аяқталады.

Астананың колумбиялық легионері кипрлік клуб сапында мамыр айына дейін ойнайтын болады. Елордалық ұжыммен келісімшарты 2018 жылға дейін жоспарланған.