Қуат "Найман" Хамитов 6 наурызда жекпе-жекке шығады

О Сансызбай Корреспондент
Қуат "Найман" Хамитов 6 наурызда жекпе-жекке шығады
Фото ©️ vk.com

Аралас жекпе-жектен “Найман” лақап атымен танымал қазақ спортшысы Қуат Хамитов Қытайда жекпе-жек өткізеді. Отандасымыз WBK тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғайтын болады.

БӨЛІСУ

-  Менің келесі жекпе-жегім 6 наурыз күні өтеді. WBK (World Ultimate fighting) чемпиондық белбеуі үшін бақ сынаймын. Қытай. Шанхай, - деп жазды спортшы instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін спортшы алда екі бірдей чемпиондық белбеу жолында бақ сынайтынын хабарлаған болатын. Оның бірі – WBK чемпиондық атағын қорғау болса, екіншісі - Fight Nights Global чемпиондық атағы еді.