Хоккейден Ресей мен Канада ойыны төбелеспен аяқталды

Хоккейден Ресей мен Канада ойыны төбелеспен аяқталды
Фото: massaget.kz

Хоккейден Ресей құрамасы Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының финалына шықты. Олар жартылай финалда Канада хоккейшілерін 4:1 есебімен ұтты.

Әр кезең сайын басымдық танытып отырған ресейлік хоккейшілер қарсыластарынан қарымды екенін байқатты. Мұз айдындағы әр сәт тартысқа толы өтіп, ойында қақтығыстар көптеп орын алды. Ойын соңы қос команда хоккейшілерінің қақтығысымен аяқталды.

Ойынды өзге елдің команда өкілдері де келіп көрді.

Әлемнің ең мықты құрамалары бақ сынасқан ойын тартысты өтті.

Ойын барысында көптеген қақтығыстар орын алып, жарақаттанғандар да болды.

Бір-біріне лайықты командалардың ойыншылары есеп ашуға ұмтылып бақты.

Ашуға берілген ойыншылар өз кезегімен жазаланып та отырды.

Ресей құрамасының жанкүйерлері.

Ойын нәтижесі 4-1.

Дәл қазір Қазақстан мен Чехия құрамалары арасындағы ойын басталды.

B. ZHAQSYMBET