Универсиада – 2017. Бүгін ең көп жүлделер сарапқа салынатын күн

О Сансызбай Корреспондент
Универсиада – 2017. Бүгін ең көп жүлделер сарапқа салынатын күн
Фото ©️ 24.kz

Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиада ойындары да аяқталып келеді. Бүгін барлығы 14 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

БӨЛІСУ

Бүгін қазақстандық спортшылар биатлон, шаңғы спорты мен шорт-тректен фавориттер қатарында. Сондай-ақ шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы финалға шығу үшін Чехия құрамасымен кездеседі. Назарларыңызға ойындар кестесін ұсынамыз.

Спорт түрі: Тау-шаңғы спорты. Слалом. Ерлер;
Қатысушылар (Қазақстаннан): Захар Кучин, Сергей Данов, Алексей Сысоев;
Басталуы: Астана уақытымен сағат 10:00-де
Өтетін орны: «Шымбұлақ»

Спорт түрі: Сноуборд. Биг-эйр. Ерлер;
Қатысушылар: Степан Деонисьев, Александр Алексеев, Глеб Кармозин;
Басталуы: сағат 11:30-да
Өтетін орны: «Табаған»

Спорт түрі: Биатлон. Масс-старт. Әйелдер 12.5 шақырым, ерлер 15 шақырым;
Қатысушылар: Василий Подкорытов, Владислав Витенко, Галина Вишневская, Елизавета Бельченко, Максим Браун, Антон Пантов, Тимур Куц, Дарья Усанова, Александра Сасина, Роман Еремин, Тимур Хамитгатин, Сергей Сирик, Алина Слепенко, Алина Райкина, Анна Кистанова, Анастасия Кондратьева.
Басталуы: әйелдер сайысы 12:00-да, ерлер жарысы 15:00-де ("Хабар")
Өтетін орны: «Алатау» шаңғы-биатлон кешені

Спорт түрі: Шаңғы спорты. Масс-старт. Әйелдер, 15 шақырым;
Қатысушылар: Анна Шевченко, Анна Стоян, Ольга Мандрик, Ангелина Шурыга, Марина Матросова, Валентина Эбель;
Басталуы: сағат 13:30-да
Өтетін орны: «Алатау» шаңғы-биатлон кешені

Спорт түрі: Шорт-трек. Ерлер, әйелдер 1000 метр. Ерлер, эстафета (5000 метр), әйелдер (3000 метр);
Қатысушылар: Нұрберген Жұмагазиев, Абзал Әжғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Ольга Тихонова, Нұртілек Қажығали, Ким Йонг А, Мадина Жанбусинова, Анастасия Крестова, Роман Письман;
Басталуы: сағат 14:00 (KazSport)
Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт кешені

Спорт түрі: Фристайл. Шаңғы кросы. Ерлер, әйелдер;
Қатысушылар: Айжан Сапиянова, Данил Бабакин, Олжас Қайрат, Мади Алдабергенов, Антон Муллаев; 
Басталуы: сағат 14:00 ("Қазақстан")
Өтетін орны: «Шымбұлақ»

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Жартылай финал;
Құрамалар: Ресей - Канада;
Басталуы: сағат 16:00 ("Хабар")
Өтетін орны: «Халық Арена»

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Жартылай финал;
Құрамалар: Қазақстан - Чехия;
Басталуы: сағат19:30 («KazSport»)
Өтетін орны: «Халық Арена»

Айта кетейік, Алматыдағы Универсиада ойындары ертең аяқталады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 10 алтын 6 күміс 11 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте екінші орында келеді.