Қазақстан Универсиада ойындарындағы 25-медалін алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан Универсиада ойындарындағы 25-медалін алды
Фото ©️ Almaty2017.com

Қазақстан құрамасының қоржынына ХХVIII қысқы Универсиада ойындарындағы 25-медаль түсті. Қазақстандық шаңғышылар Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин мен Олжас Климин күміс жүлдегер атанды.

БӨЛІСУ

Қазақстандық шаңғышылар жарыс жеңімпазы атанған Ресей құрамасынан бар болғаны 1.8 секундқа ғана қалып қойды. Қола жүлде чех елінің шаңғышыларына бұйырды. 

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық шаңғышы қыздар да күміс медаль жеңіп алған болатын.