Қазақстандық фристайлшы Алматыдағы Универсиадада екінші алтынын ұтып алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық фристайлшы Алматыдағы Универсиадада екінші алтынын ұтып алды
Фото ©️ Бауыржан Жақсымбет

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Алматыдағы Универсиада ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды. Отандасымыз паралелльді могул сынында жеңімпаз атанды.

БӨЛІСУ

Финалда қазақстандық спортшы ресейлік Елизавета Безгодовоны 17:8 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Юлия Галышева кеше могул сынында жеңімпаз атанған болатын. Универсиада ойындарында үшін рет жеңіс тұғырынан көрініп отыр. 2015 жылы да отандасымыз могулдан Универсиада чемпионы атанған.