Қазақстан хоккейшілері шведтерді 5:0 есебімен ұтты

Қазақстан хоккейшілері шведтерді 5:0 есебімен ұтты
Фото: Ернар Алмабек

Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан хоккейшілері Швецияны 5:0 есебімен айқын ұтты. Шведтер шабуылда ширақ ойнауға тырысқанмен, отандастарымыздың қақпасына бірде-бір шайба соға алған жоқ.

Ойында Қазақстан хоккейшілері жылдам есеп ашты. 3 минутта шабуылшы Кирилл Савиский жанкүйерлер қошеметіне бөленді. Бірінші кезең аяқталар тұста Ярослав Евдокимов екінші шведтер қақпасына екінші шайбаны тоғытты.

Екінші кезеңде жанкүйерлер соғылған шайбаның ғана куәгері болды. 15 минуттағы нәтижелі соққыны Константин Савенков өз еншісіне жазды. Ал үшінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсыластар қақпасына тағы екі шайба соқты. Бұл жолы Антон Сагадеев пен Дмитрий Гренц көзге түсті.

Швецияның ұтқан Қазақстан хоккейшілері «А» тобында жеке-дара көш бастады. Келесі ойынын 2 ақпан күні Чехия құрамасына қарсы өткізеді. Ал бірінші ойында Қытай құрамасын 22:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.  

Ө. Сансызбай