Қазақстандық хоккейші қыздар 11:0 есебімен жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық хоккейші қыздар 11:0 есебімен жеңіске жетті
Фото ©️ vesti.kz

Универсиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандық хоккейші қыздар Ұлыбританияны 11:0 есебімен ұтты. Ойын Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтті.

БӨЛІСУ

Кездесуде Карина Фельзинк, Малика Алдабергенова, Ажар Хамимульдинова, Ғалия Нұргалиева, Бұлбұл Қартанбаева (2 шайба), Меруерт Рыспек, Пернеш Әшімова, Анастасия Орлова, Мадина Тұрсынова және Аида Олжабаева шайба соқты.

Қазақстандық хоккейшілер келесі ойынын 30 қаңтар күні Қытайға қарсы өткізеді.