Коутиньо "Ливерпульда" ең көп жалақы алатын футболшы атанды

Коутиньо "Ливерпульда" ең көп жалақы алатын футболшы атанды
Фото: liverpoolfc.com
Ағылшынның "Ливерпуль" футбол клубы ойыншы Филиппе Коутиньомен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Футболшы мен команда арасындағы жаңа келісімшарт 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Мерзімі 5 жылға жоспарланған. Яғни жартылай қорғаушы командада 2022 жылға дейін ойнайды.

Филиппе Коутиньо жаңа келісімшарт бойынша командадағы ең көп жалақы алатын футболшы атанып отыр. Мерсисайдтық клуб 1 шілдеден бастап жартылай қорғаушыға аптасына 200 мың фунт стерлинг төлейтін болады.

"Біріншіден команда өкілдерінің барлығына алғыс айтамын. Жаңа келісімшарт ұсынғанына өте қуаныштымын. Жаттықтырушылардың сенімін ақтап, бар күш-жігерімді саламын. Мен мұнда бақыттымын. Алғашқы күндерден бастап жанкүйерлер жылы қарсы алды. Команда үшін көп қарыздармын", - деді футболшы.
 
Айта кетейік, бразилиялық жартылай қорғаушы "Ливерпульге" 2013 жылы "Интерден" (Италия) ауысып келген еді. Одан бергі аралықта 163 ойынға қатысып, 34 гол соққан.
Ө. Сансызбай