Усэйн Болт 2008 жылғы Олимпиаданың алтын медалін кері қайтарады

Усэйн Болт 2008 жылғы Олимпиаданың алтын медалін кері қайтарады

Ямайкалық атақты желаяқ Усэйн Болт 2008 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырылды. Спортшы командалық сында жеңіп алған жүлдесін кері қайтарады. Себебі командадағы серігі Неста Картердің қанынан допинг табылған.

Усейн Болт пен оның командасы Бейжіңдегі эстафеталық сында жеңімпаз атанған болатын. Ал жақында командаласы Неста Картердің қанынан тыйым салынған туринабол допингінің табылуына байланысты Усейн Болтпен Асафа Пауэлл мен Майкл Фратер де жүлделерін кері қайтарады.

Бейжіңдегі эстафеталық сынды қоспағанның өзінде Усейн Болт Олимпиада ойындарының 8 дүркін жеңімпазы. Спорттық мансабын биылғы әлем чемпионатынан кейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Ө. Сансызбай