Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны тағайындалды

О Сансызбай Корреспондент
Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны тағайындалды
Фото ©️ kfb.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны сайланды. Жаттықтырушылар мен команда өкілдері капитан міндетін Әділбек Ниязымбетовке сеніп тапсырды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты хабарлады. 

Осыған дейін құраманың капитаны міндетін атқарып келген Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Нәтижесінде бұл міндетті маңғыстаулық боксшымыз Әділбек Ниязымбетов атқарады. 

БӨЛІСУ

- Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен және команда боксшыларымен ақылдаса келе біз капитандық міндетті Әділбек Ниязымбетовке бердік, - делінген федерацияның ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов - қазақ боксы тарихындағы ең табысты боксшылардың бірі. Оның еншісінде Олимпиада ойындарының екі күміс жүлдесі, әлем чемпионатының екі күміс жүлдесі және Азия ойындары мен Азия біріншілігінің алтын жүлделері бар.