«Vesti.kz» сайтының қазақ тіліндегі нұсқасы ашылды

«Vesti.kz» сайтының қазақ тіліндегі нұсқасы ашылды
Фото: vesti.kz

Ғаламтор желісін қолданушы қауымға қуанышты хабар жеткіземіз. Бүгін еліміздегі танымал спорттық сайт «Vesti.kz»-тің қазақ тіліндегі нұсқасы ашылды.

Қазақша нұсқаға сайттың оң жақ жоғары тұсында тұрған "Қаз" батырмасын басып немесе kaz.vesti.kz доменін теріп кіруге болады.

Сонымен қатар, оқырманның ыңғайына қарай мемлекеттік тілдегі мобильді нұсқасы жасалған. Оған m.kaz.vesti.kz доменін теру арқылы кіруге болады. Телефон арқылы ашқанда сайттың мобильді нұсқасы автоматты түрде экранға бейімделіп қосылады.

- Енді басты әрі қызықты спорт жаңалықтарын мемлекеттік тілде оқи аласыздар, - деп атап өтті спорт порталының өкілдері.

«Vesti.kz» - еліміздегі жылдам ақпарат тарататын спорттық сайт. Күніне 30 мыңға жуық оқырман кіреді. Оқырмандар арасында жиі байқаулар ұйымдастырып тұрады.

Спорттық сайттың қазақ тіліндегі нұсқасының қызметкерлеріне сәттілік тілейміз. Қазақ спортшыларының толағай табыстары мен жарқын жеңістері арқылы оқырмандарын қуанта бергей!

Ө. Сансызбай