Сергей Хижниченко Беларусь футбол клубына ауысты

Сергей Хижниченко Беларусь футбол клубына ауысты

Қазақстандық футболшы Сергей Хижниченко Беларусь елінің «Шахтер» командасына ауысты. Бұл туралы солигорскілік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап «vesti.kz» сайтының қазақ бөлімі хабарлады.

25 жастағы шабуылшы «Шахтер» командасымен еркін агент ретінде келісімшартқа отырды. Мерзімі мен жалақысы туралы ақпарат жарияланған жоқ. Соңғы рет Қостанайдың «Тобыл» командасында ойнады. 28 ойынға қатысып, 10 гол соқты.

- «Шахтер» - Беларусь біріншілігінде өнер көрсететін мықты клубтардың бірі. Команда үнемі үздік үштіктің қатарынан көрініп жүр. Клубтың алға қойған мақсаттары да биік. Маған осындай биік мақсат қоятын клубтар ұнайды. Сондықтан да "Шахтер" басшылары ұсыныс жасаған кезде, мен бірден келісімімді бердім, - деді Сергей Хижниченко «Шахтер» клубының ресми сайтына берген сұхбатында. 

Сергей Хижниченко үшін Солигорскінің «Шахтер» футбол клубы мансабындағы екінші шетелдік команда. Шабуылшы 2015 жылы Польшаның «Корона» командасында ойнаған.

Айта кетейік, «Шахтер» Беларусь еліндегі танымал футбол ұжымдарының бірі. Өткен маусымда ішкі біріншілікте екінші орын алды. Команда өз тарихында 5 рет күміс жүлдегер, 6 рет қола жүлдегер атанған. 2005 жылы чемпион да атанған.

Ө. Сансызбай