Александр Бублик «Australian Open» турнирінің үшінші кезеңіне шыға алмады

О Сансызбай Корреспондент
Александр Бублик «Australian Open» турнирінің үшінші кезеңіне шыға алмады
Фото ©️ vesti.kz

2017 жылдан бастап халықаралық жарыстарға Қазақстан атынан қатысып жатқан ресейлік теннисші Александр Бублик  Мельбурнда өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің үшінші кезеңіне шыға алмады. Теннисші екінші айналымда тунистік Малек Жазириден ұтылды.

БӨЛІСУ

Александр Бублик пен Малек Жазири арасындағы ойын 1 сағат 37 минутқа созылды. Ойын 6:2, 6:3, 7:5 нәтижелерімен қарсыласының пайдасына шешілді. Қос теннисші бір-бірімен алғаш рет өзара кездесу өткізді.

Келесі айналымда Малек Жазири америкалық Джон Изнер мен неміс теннисшісі Миша Зверев арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Александр Бублик Санкт-Петербург қаласының тумасы. 19 жастағы спортшы қазіргі таңда АТР рейтингінде 207-орында келеді.

«Australian Open» турнирінің бірінші кезеңінде «АТР» рейтингінде 16-орында тұрған француз Люк Пуйені жеңген еді.